Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

  Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды <a href="https://t.
Reklam Alanı
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
06 Haziran 2023 tarihinde SİYASET kategorisinde yayınlandı. Google News
Reklam Alanı

 

 

Жаңалықтар
Жұмыс сапарлары
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
2023 жылғы
Алматы қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды.

Орталықта оқушыларды ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық шығармашылыққа баулып, олардың экологиялық-ботаникалық дүниетанымын кеңейтетін, болашақ мамандығын таңдауына бағыт-бағдар беретін клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.

 

Мемлекет басшысына Орталықтағы кәсіби бағдарлау кабинетінің және авиамодельдеу, виртуалды зертхана, баламалы энергия көздері секілді үйірмелердің жұмысы таныстырылды.

Орталықты аралап көру барысында Мемлекет басшысы жеткіншектермен әңгімелесіп, оларды бүгінгі мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ балалардың дарынын, қабілетін дамыту үшін осындай орталықтар өте қажет екенін атап өтті.

 

 

 

Президент балалар өздеріне ұнаған іспен айналысса, өмірде үлкен жетістікке жететінін, қоғамда құрметті азамат атанатынын айтып, оларға сәттілік тіледі.

Үш қабатты ғимаратта орналасқан инновациялық шығармашылық орталықта 1000-нан астам бала бір мезгілде түрлі үйірмеге және спорт секциясына қатыса алады. Бұдан бөлек, мұнда психологиялық-педагогикалық түзету, дефектолог, логопед кабинеттері жұмыс істейді, сондай-ақ 300 орындық көрермен залы, медиакөрме, интерактивті ойын және коворкинг алаңдары бар.

 

Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Мемлекет басшысына қаладағы қосымша білім беру саласының дамуы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, қазіргі кезде шаһарда қосымша білім беретін 17 мекеме бар. Мектеп жасындағы 320 мың баланың тек 10 пайызы тегін үйірмелермен және спорт секцияларымен қамтамасыз етілген. Президенттің тапсырмасы бойынша «100 заманауи оқушылар сарайын салу» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алатау ауданында тағы да осындай инновациялық шығармашылық орталық салынды.

 

 

 

Сонымен қатар осындай нысандардың балаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Түрксіб және Бостандық аудандарында бұрынғы ескі оқушылар сарайының орнына жаңадан даму және шығармашылық орталықтарын салу жоспарланған. Жалпы, қала басшылығы 2025 жылдың соңына қарай тегін қосымша біліммен қамту көрсеткішін 25 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-okushylardyn-innovaciyalyk-shygarmashylyk-ortalygyna-bardy-15101

 

 

Reklam Alanı
Son Güncelleme: 06 Haziran 2023