Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Жаңалықтар Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы 2024 жылғы 16 маусым     <img decoding="async" src="https://renkgazetesi.
Reklam Alanı
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
16 Haziran 2024 tarihinde SİYASET kategorisinde yayınlandı. Google News
Reklam Alanı

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

2024 жылғы 16 маусым

 

 

Resim

 

 

Қадірлі отандастар!

Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам.

 

 

 

 

Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор. Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі.

 

 

 

 

 

Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр. Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз.

 

 

 

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

 

 

 

 

Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!

 

Кері қайту Кері қайту

 

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kurban-ayt-merekesimen-kuttyktauy-1552322

 

Reklam Alanı
Son Güncelleme: 16 Haziran 2024