Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды «Алтын Қыран» орденімен марапаттады <a href="https://t.
Reklam Alanı
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
08 Mayıs 2023 tarihinde SİYASET kategorisinde yayınlandı. Google News
Reklam Alanı

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

2023 жылғы

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыс етті.

Мемлекет басшысы орден табыстау рәсімінде тәжік халқының жалпыұлттық көшбасшысының айрықша еңбегіне тоқталды және оның көреген саясаты Тәжікстанды қарқынды дамуына ықпал етіп, отандастарының игілігін қамтамасыз еткенін айтты.

 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстанның бауырлас халықтары арасындағы достықты, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға Эмомали Рахмонның қосқан үлесін атап өтті.

– Біз әрдайым барлық деңгейдегі тығыз және сенімді саяси диалогты қолдаймыз. Елдеріміз арасында берік шарттық-құқықтық база қалыптасты. Сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып, мәдени-гуманитарлық байланыстардың аясы ұдайы кеңейіп келеді. Біз Орталық Азиядағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға үлес қоса отырып, аса маңызды халықаралық құрылымдар аясында өзара табысты әрекет етіп келеміз. Бүгінде мемлекетаралық байланыстарымыздың одақтастық қатынас деңгейіне көтерілгені қуантады. Бұл Сіздің екі ел арасында үлгілі қарым-қатынас қалыптастыруға ерекше атсалысқаныңыздың нәтижесінде мүмкін болды, – деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

Эмомали Рахмон «Алтын Қыран» орденімен марапаттау жөнінде шешім қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді

– Бұл награда, ең алдымен, бүкіл Тәжікстан халқының тәжік-қазақ қатынастарын, достығы мен ынтымақтастығын дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін берілген жоғары баға деп білемін. Бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайтуға және кеңейтуге алдағы уақытта да бар күш-жігерімізді салатынымызға сенімдімін, – деді Тәжікстан Президенті.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-tazhikstan-prezidenti-emomali-rahmondy-altyn-kyran-ordenimen-marapattady-44525

 

 

Reklam Alanı
Son Güncelleme: 08 Mayıs 2023