Қазақстан мен Түркия президенттері екі елдің Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің IV отырысын өткіздіhttps://t.co/9BlLKrUTwM pic.twitter.com/bKIzUbt1zZ
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 12, 2022
Жаңалықтар
Ақорда
Қазақстан мен Түркия президенттері екі елдің Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің IV отырысын өткізді
2022 жылғы 12 қазан
Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіре отырып, Түркия Президенті бастаған делегацияның елімізге мемлекеттік сапармен келгеніне ризашылығын жеткізді.
Алдын-ала бекітілген күн тәртібіне сәйкес, жиында сыртқы саясат және инвестиция саласындағы іс-әрекет, сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистика және әскери өндіріс саласындағы ықпалдастық, энергетика саласындағы байланыстар және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық секілді 5 мәселе талқыланды.
Сонымен қатар жиында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны жайлы айтылды.
– Мақсатымыз – сауда айналымын 10 миллиард долларға жеткізу. Анкара соңғы 15 жылда Қазақстанға 4,35 миллиард доллар инвестиция құйды. Ал біздің еліміз Түркияға 1,13 миллиард доллар қаржы салды. Түркия Қазақстанның ең ірі 10 инвесторының қатарында тұр. Жалпы, екіжақты сауда-саттық әлеуетін арттыру жолында транзиттік тасымал бағыттары маңызды рөл атқарады. Біз тасымал шығынын азайтып, жеткізу мерзімін қысқарту үшін Транскаспий дәлізін дамытуға шақырамыз. Бүгінгі кездесуде біз оны талқыладық. Көзқарасымыз бірдей. Биыл маусым айында Бакуде үшжақты форматтағы кездесу өтті. Біз бұл дәстүрді жалғастыруға ниеттіміз. Келесі басқосуды Ақтауда өткізуді ұсынамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Түркия Президенті өзінің және делегациясының атынан қазақ халқының қонақжайлығына алғыс айтып, екі ел арасындағы барлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.
– Қазақстан экономикасын әртараптандыруға біз әрдайым атсалысып келеміз. Халықты жұмыспен қамтуға байланысты бастамаларыңызға біздің компаниялар да өз үлесін қосатынына сенімдімін. Біз сауда айналымын қысқа мерзімде 5 миллиард, орта мерзімде 10 миллиард долларға жеткізуге келіскен болатынбыз. Әзірге бәрі жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді. Көлік-логистика саласындағы ынтымақтастығымыз біздің орта мерзімге жоспарлаған межемізге тез жетуге мүмкіндік береді. Каспийдің маңызы артып келеді. Бакудегі үшжақты кездесу сәтті өтті. Ақтаудағы басқосу бұл жұмыстарды ілгерілетеді деп сенеміз. Біз жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін арттыру жөніндегі әлем алдындағы міндетімізді тиісті деңгейде орындап келеміз. Бұл тұрғыда астығы мол Қазақстанның әлеуетін пайдалануға болады деп есептеймін, – деді Режеп Тайип Ердоған.
Пікір алмасулардан кейін күн тәртібіндегі 5 мәселеге жауапты екі елдің министрлері сөз сөйледі.
Келіссөздерден кейін Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы» келісім.
2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ветеринариялық қызметтер көрсету саясаты және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы» келісім.
3.«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы музей ісі, ескерткіштерді қорғау және реставрациялау саласындағы ынтымақтастық туралы» меморандум.
4. «Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы» меморандум.
5. «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Түркия Республикасының Сауда министрлігі арасындағы техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы» меморандум.
6. «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түркия Республикасының Отбасы істері, еңбек және әлеуметтік қызметтер министрілігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы» меморандум.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/kazakstan-men-turkiya-prezidentteri-eki-eldin-zhogary-dengeydegi-strategiyalyk-yntymaktastyk-kenesinin-iv-otyrysyn-otkizdi-129714
🇰🇿🇹🇷 President of Türkiye Recep Tayyip Erdoğan arrived in Kazakhstan on a state visit. @RTErdogan pic.twitter.com/IvnSWTxjST
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 12, 2022
Қазақстан мен Түркия президенттері екі елдің Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің IV отырысын өткіздіhttps://t.co/9BlLKrUTwM pic.twitter.com/bKIzUbt1zZ
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 12, 2022