Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

  Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады Мемлекет басшысына елімізде заңдылықтың сақталу жағдайы және қадағалау қызметінің маңызды бағыттарына қатысты жұмыстардың негізгі қорытындысы жөнінде есеп берілді.
Reklam Alanı
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
03 Haziran 2022 tarihinde DÜNYA kategorisinde yayınlandı. Google News
Reklam Alanı

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

2022 жылғы
Мемлекет басшысына елімізде заңдылықтың сақталу жағдайы және қадағалау қызметінің маңызды бағыттарына қатысты жұмыстардың негізгі қорытындысы жөнінде есеп берілді.

Берік Асыловтың айтуынша, жыл басынан бері прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 7 мыңнан астам заң бұзушылық жойылған. Оның көбі мемлекеттік сатып алулар, денсаулық сақтау, экология және балалардың құқықтарын қорғау салаларында анықталған. 10 мыңнан астам мемлекеттік қызметші мен квазимемлекеттік сектордың қызметкері әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған. Прокуратураның араласуынан кейін мемлекетке 8,4 миллиард теңге қайтарылған, 177 мыңнан астам еңбек құқығы қалпына келтірілген, сондай-ақ 1 миллиард теңгеден астам жалақы қарызы өтелген.

Президентке криминогендік жағдайлар және азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін қылмыстық-құқықтық салада қабылданып жатқан шаралар жөнінде ақпарат берілді. Прокурорлар заңсыз ұсталған 596 азаматты босатты. 542 азаматқа қатысты шешімді қайта қарау ұсынылды, соның ішінде сотталған 90 адамның жағдайы жақсартылып, 9 адам ақталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыстық процестің жаңа үш буынды моделінің енгізілу барысы жөнінде арнайы баяндалды. Биыл прокурорлар 152 мың процессуалдық шешімді қайта електен өткізді. Соның ішінде 11,5 мыңнан астам қаулы заңсыз деп танылды. 1 мыңға жуық азаматтың қылмыстық процеске негізсіз тартылуына жол берілмеді.

Берік Асылов Мемлекет басшысына бизнесті қорғау, әсіресе заңсыз қылмыстық қудалауға жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде жан-жақты баяндады. Президенттің тапсырмасы бойынша прокурорлар кәсіпкерлерге қатысты қозғалған барлық қылмыстық істің заңдылығын тексеріп жатыр. Жүргізілген тексерістер нәтижесінде өндірістегі 378 істің 36-сы тоқтатылды. Бизнеске кедергі жасау, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік орган өкілдері тарапынан қызметін асыра пайдалану фактілері бойынша 12 сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Материалдарды тексеру әлі де жалғасып жатыр.

Кәсіпкерлердің қылмыстық процеске негізсіз тартылуын болдырмау мақсатында ұйымдастырушылық және заңнамалық шаралар кешені әзірленуде.

Мемлекет басшысына қаңтар оқиғасына байланысты тергеу амалдарының барысы туралы арнайы баяндалды. Бүгінде 489 азаматқа қатысты іс сотқа жолданған. 331 адам, негізінен ұрлық, тонаушылық, қару сақтау және ұрлау деректері бойынша сотталған. Тек 23 адамға қатысты бас бостандығынан айыру туралы нақты шешім шыққан, қалғандарына жеңіл жаза кесілген. Рұқсат етілмеген тергеу амалдары мен жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болғандарға қатысты істер ерекше бақылауға алынған.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасының себебін жан-жақты тексеріп, оған кінәлілерді объективті түрде анықтау, сондай-ақ тергеу қорытындысы жөнінде жұртшылыққа тұрақты ақпарат беру қажет екенін атап өтті. Бұдан бөлек Президент еліміздің әлеуметтік және экономикалық өмірінің барлық саласында заңдылықты қамтамасыз етудің аса маңызды екенін айтты.

Кері қайту Кері қайту

 

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-bas-prokuror-berik-asylovty-kabyldady-254645

 

 

 

Reklam Alanı
Son Güncelleme: 03 Haziran 2022