саммитінің – Renk Gazetesi

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі
Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі https://t.co/ThKNGMm6R3 pic.twitter.com/0gJ9ypqyFI

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 16, 2023

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі

2023 жылғы 16 қаңтар

БАӘ, Абу Даби қаласы

Мемлекет басшысы Бірікккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жаһандық маңызы бар өзекті тақырыптар талқыланатын ауқымды халықаралық шараны ұйымдастырғаны үшін жоғары мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға алғыс айтты.

Президент анағұрлым таза әрі «жасыл» әлем жолындағы орнықты даму баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.

– Өкінішке қарай, геосаяси тұрақсыздықтың шиеленісуі және энергетикалық қауіпсіздіктің сақталмауы климаттың өзгеруіне қатысты мәселені елеусіз қалдырды. Жаһандық орташа ауа температурасы көтерілген сайын әлемдегі құнарлы азықтың 66 пайызын қамтамасыз ететін негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы едәуір азаюы ықтимал. Сондай-ақ тұщы су тапшылығына душар болу қаупі зор. БҰҰ баяндамасына сәйкес, 2050 жылға қарай климаттың өзгеруі салдарынан 5 миллиардтан астам адам ауызсуға зәру болуы мүмкін. Бұл дүниежүзілік азық-түлік, энергетика, қала және экология жүйелеріне қатер төндіреді. Мұның бәрі тек саяси шешімдерді ғана емес, басқа да жедел әрі тиімді шаралар қабылдауды талап етеді. Планетамызды сақтау үшін бұрын-соңды болмаған мөлшерде қаржылай инвестиция құю керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, климаттың өзгеруіне қарсы күрес тек даму немесе жаңғырту шараларымен ғана шектелмей, өзара тығыз байланыста қатар жүруге тиіс.

– Халықаралық қоғамдастық климаттың өзгеруіне қарсы күрес шараларын қаржыландыру мәселесіне қатысты міндеттемелерін арттыра түседі деп сенеміз. Бүгінгі жиынның маңыздылығы да – осы. Қазақстан көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің ұзақмерзімді міндеттемелерін айқындады. Іс жүзінде еліміз Париж келісімін алғашқылардың бірі болып ратификациялады. Сол сәттен бері біз экономиканы әртараптандыруға және жаңартылатын энергия көздері мен орнықты технологияларды ілгерілетуге бағытталған барынша теңгерімді, ұтымды саясатымызды қалыптастырдық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент елімізде электр энергиясының 70 пайызға жуығы көмірден өндірілетінін атап өтіп, алдағы уақытта өнеркәсіп пен экономикаға түбегейлі құрылымдық өзгерістер әкелетін ауқымды шараларға арнайы тоқталды.

Президенттің айтуынша, жаңа Экологиялық кодекс өнеркәсіп корпорацияларының жаңартылатын энергия көздеріне көшуіне оң ықпал етеді.

– Компанияның экологиялық жаңғыруға құятын инвестициясының толық құны бюджетке төленетін экологиялық төлемнен шегеріледі. Мәселенің нормативтік-құқықтық реттеу жағына келер болсақ, биыл барлық негізгі өнеркәсіп салалары үшін Ең үздік қолжетімді техникалардың (BAT) салалық стандарттар анықтамалығын әзірлеу ісі аяқталады. Келесі сатыда ластанған табиғаттың 80 пайызына жауапты 50 ірі корпорация осы стандарттарға өтуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан – көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін ұзақмерзімді стратегия қабылдаған Орталық Азиядағы алғашқы ел. Аталған стратегия ұлттық деңгейде анықталған климаттың өзгеруіне қарсы күрес көрсеткіштеріне үлес қосудың оңтайлы тәсілдерін айқындайды.

– Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлу және квоталарды саудалаудың ұлттық жүйесі ауаға тарайтын шығарындыларды азайтуды және энергия үнемдеу технологиясын дамытуды ынталандыратын механизм ретінде өз тиімділігін дәлелдеді. Біздің ортақ мақсатымыз – Парниктік газдар шығарындыларын саудалаудың ұлттық және еуропалық жүйесіндегі алшақтығын жою. Бұл шаралардың барлығы Париж конвенциясындағы міндеттемелерді 2030 жылға қарай толық орындауға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент саммит қатысушыларына Қазақстандағы жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің перспективалары туралы мәлімет берді.

– Күн мен жел факторлары, сондай-ақ ұлан-ғайыр жеріміз Қазақстанның климатты сақтау жолындағы жаһандық іс-әрекеттерге атсалысып, жаңартылатын энергия секторында көш бастауына мүмкіндік береді. Осыған байланысты біз инвесторларға анағұрлым ұтымды шарттар ұсыну үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіріп жатырмыз. Жалпы, біздің жоспарымыз бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда 6,5 ГВт жаңартылатын энергия ресурсы пайда болады. Бұл орайда «жасыл сутегі» – келешегі зор бағыттың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, еліміз сутегін экспорттаушылардың алғашқы ондығына кіре алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент атом энергиясын пайдалану мәселесіне назар аударып, бұл ауаға тарайтын парниктік газдардың көлемін азайтуға әсер ететін басты фактордың бірі екенін айтты. Сондай-ақ Қазақстанның атом энергетикасын дамытудағы артықшылықтарына тоқталды.

– Еліміз табиғи уран өндіру бойынша әлемде бірінші орында. Біз ядролық отынның компоненттерін өз елімізде өндіреміз және атом энергиясын қауіпсіз пайдалану ісін одан әрі дамытуға мүмкіндігіміз мол. Біздің пікірімізше, бұл – аймақтық және жаһандық деңгейдегі сауда мен инвестиция үшін келешегі мол сала, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгеруін тежеу стратегиясы үшін орман өсіру өмірлік маңызы бар бағыт саналатынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ 26-шы конференциясында қабылданған Орман мен жерді пайдалану декларациясына қосылды. Бұдан бөлек, елімізде 2025 жылға дейін екі миллиард ағаш отырғызуды көздейтін ауқымды жоба басталды. Былтыр 282 миллион түп ағаш отырғызылды. Биыл тағы 410 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы астық өндірісі бойынша Қазақстан әлемде жетінші орын алатынын атап өтіп, дүниежүзілік азық-түлік тапшылығымен күресте еліміз өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді.

– Біз ауған халқына гуманитарлық көмек ретінде бидай ұнын жеткізу үшін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен, сондай-ақ БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Осы ретте дамушы елдерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен де ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырамын, – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында саммитке қатысушылардың барлығын «жасыл жобаларды» жүзеге асыруға белсене атсалысуға, сондай-ақ ESG-инвестициялар мен орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін күш біріктіруге шақырды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-abu-dabi-turakty-damu-aptalygy-sammitinin-ashylu-saltanatynda-soz-soyledi-1603011

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі https://t.co/ThKNGMm6R3 pic.twitter.com/0gJ9ypqyFI

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 16, 2023

Мемлекет басшысы «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатыстыhttps://t.co/Qcd9lvp4ai pic.twitter.com/PveN83IwGY

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 16, 2023

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысты

2023 жылғы 16 қаңтар

БАӘ, Абу Даби қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Абу Даби тұрақты даму апталығы» атты саммиттің ашылу рәсіміне қатысты.

Сонымен қатар жиынға Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Ангола Президенті Жуан Лоренсу, Мысыр Сыртқы істер министрі, БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы 27-ші сессиясының (СОР27) президенті Самих Шукри, сондай-ақ саясаткерлер, жаңартылатын энергия, технологиялық даму және инновация салаларының жетекшілері, инвесторлар мен кәсіпкерлер қатысты.

Саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

ADSW 2023 – орнықты даму үдерісіне халықаралық күш-жігерді қолдауға бағытталған БАӘ жаһандық бастамасы. Абу Даби саммиті – азық-түлік пен су ресурсы қауіпсіздігі, энергияға қолжетімділік, өнеркәсіпті көміртегінен арылту, денсаулық сақтау және климаттағы өзгерістерге бейімделу сияқты ауқымды әрі өте маңызды мәселелерге арналған биылғы алғашқы халықаралық форум.

Жиынның мақсаты – жаһандық қоғамдастықты біріктіретін және түрлі мәселелерде, жаңашыл серіктестік қатынастар мен инновациялық шешімдерде келісімге қол жеткізу үшін конструктивті диалогқа жол ашатын орнықты даму саласының күн тәртібін қалыптастыру және COP28 конференциясына тың серпін беру.

ADSW 2023 алаңында алғаш рет Жасыл сутегі саммиті өткізіледі. Онда экономиканың негізгі секторларын көміртегінен арылту ісінде саммиттің әлеуеті айқындалады.

«Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің аясында Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлықты Global High Schools номинациясы бойынша (Америка аймағы) колумбиялық Fundacion Bios Terrae – ICAM Ubate мектебіне табыс етті.

Zayed Sustainability Prize – тұрақты даму саласындағы орасан зор жетістігі үшін берілетін Біріккен Араб Әмірліктерінің жаһандық сыйлығы. Бұл марапат БАӘ Тұңғыш Президенті марқұм шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның гуманитарлық мұрасына құрмет белгісі ретінде 2008 жылы өткен «Болашақтың энергиясы» әлемдік саммитінде тағайындалды.

Аталған сыйлық денсаулық сақтау, азық-түлік, энергетика, суды үнемді пайдалану секілді санаттар бойынша тұрақты даму саласындағы тиімді және инновациялық шешімдері үшін коммерциялық емес ұйымдарға, шағын және орта кәсіпорындарға және орта мектептерге беріледі.

2009 жылдан бері әлем бойынша 96 адам осы сыйлықтың иегері атанды. Zayed Sustainability Prize сыйлығының жүлдесі – 3 миллион АҚШ доллары.

Биыл сыйлыққа 152 елден 4 538 өтінім түсіп, оның үздік 30 жобасы финалға өткен.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-abu-dabi-turakty-damu-aptalygy-sammitinin-ashylu-rasimine-katysty-160448

Мемлекет басшысы «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатыстыhttps://t.co/Qcd9lvp4ai pic.twitter.com/PveN83IwGY

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 16, 2023